ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті экс-басшы К.Мәсімовтың қылмыстық ісін тергеуді жалғастыруда. Құзырлы орган таратқан мәліметке сәйкес, К.Мәсімовтың мүліктеріне – Нұр-Сұлтан қаласында екі элиталық пәтер, Алматы қаласында 2 пәтер мен дербес сарай, сондай-ақ Щучье-Бурабай шипажайы аймағы көлінің жағасындағы аумағы 1 га жер теліміне тыйым салынған.
Мәсімовтің жақын байланыстарынан 5,1 млн. АҚШ доллары алынып, оған тыйым салынды.
Осымен бір мезгілде Мәсімов пен оның айналасындағылар шетел банктеріне заңсыз шығарған аса ірі мөлшердегі ақшалай қаражатты іздестіру, бұғаттау және Қазақстанға қайтару бойынша жұмыс ұйымдастырылды.
Барлық көрсетілген фактілер бойынша қарқынды жедел жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.