Премьер-Министр әлеуметтік маңызы бар тауарларға 15% үстеме бағаның сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырды

0 7

2022 жылғы 19 наурызда Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Мемлекет басшысының тапсырмаларын және Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-қимыл жоспарын орындау бойынша кезекті кеңес өтті.

Бұл туралы   «ZhambylNews» АА  Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жыл басынан бері Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 8%-ға өсті. Бағаның өсуі барлық өңірлерде тіркелді. Өңірлер бойынша өткен аптада бағаның ең жоғары өсуі Батыс Қазақстан облысында 9,5%-ға, Ақтөбе облысында – 8,7%-ға, Павлодар облысында – 7,1%-ға және Атырау облысында – 6,7%-ға орын алған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.