Өткен аптада желіде Қазақстанда астық тапшылығы сезілуде, ұн қымбаттайды деген ақпарат таралған еді. Осыған орай, ұн қымбаттаса нан бағасы да өсе ме деген сұрақ туындады. Бұл сұраққа Ауылшаруашылығы министрлігінің өкілдері жауап берді.
Олардың мәліметінше, елімізде әлеуметтік нан бағасы көтерілмейді. Әлеуметтік нанның бағасын мемлекет реттейді және бақылайды. Егер диірменшілер шикізат тапшылығына тап болса, бидай құнын субсидиялау бағдарламасы іске қосылады. Ал әлеуметтік бөлке наннан бөлек нан өнімдерінің бағасы шикізат құнына қарай өзгеруі әбден мүмкін.