Жалақы өседі: қай сала қызметкерлерінің табысы артпақ? Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Президентке жасаған баяндамасында хабарлады.
Халықтың табысын арттыру бағдарламасы бойынша 1 миллионнан астам бюджеттік сала қызметкерлері мен квазимемлекеттік сектордың өндірістік персоналының жалақысы көтеріледі.
«Сонымен қатар кәсіпкерлікке міндеттемелер белгілеу арқылы мемлекеттен көмек алатын ірі бизнестегі 2,8 миллион қызметкердің еңбекақысын арттыру қарастырылған,- деді Е.Тоғжанов.