20 мың әйел жұмыспен қамтылады. Бұл халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарын қолдау шарасы аясында жүзеге асырылмақ. Жоба туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың баяндамасында айтылды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
«Бақытты отбасы» жобасы аясында көп балалы және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған әйелдер жұмыспен қамтылатын болады. Ал жастарды жұмысқа орналастыру үшін «Жастар тәжірибесі» және «Алғашқы жұмыс орны» жобалары жүзеге асырылады. Жастарға 400 АЕК көлемінде гранттар беріледі.