Полицейлер мешіттерде ұрлықпен айналысқан азаматты ұстады. Ол Есік қаласының 25 жастағы тұрғыны болып шықты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Қазірдің өзінде оның 16 ұрлыққа қатысы бар екені дәлелденді. Ақпан айының аяғынан бастап Тұздыбастау, Гүлдала, Қызыл ту және Панфилов ауылдарындағы мешіт жамағаттарынан өтініштер түскен. Ер адам құптан намазының уақытын пайдаланып, мешітке келушілердің ақша, ұялы телефон мен бағалы заттаын ұрлап кеткен.
Ұры көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Мешіт ішінде де, сыртында да ұрлықпен айналысқан, тұрақтағы көліктерді ашқан. Ұсталған азамат бұрын ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған болып шықты