Мектеп бітіру кешін дүркіретіп өткізуге тыйым салынады

0 36

Білім және ғылым министрлігі мектептерде бітіру кештерін өткізуге қатысты ұсыныстарды жариялады. Мерекелік шараны білім беру ұйымының өзі өткізуі керек.

Іс-шараны ұйымдастыру кезінде аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, суретшілерді, мерекелік іс-шараларды өткізу үшін жеке студияларды ақша төлеп шақыруға, мерекелік дастархан жаюға, жалға берілетін автокөліктерді жалдап, қала (аудан) бойынша экскурсиялар өткізуге, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлыққа ақша жинауға, ойын-сауық мекемелерінде бітіру кештерін ұйымдастыруға болмайды.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.