Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Аманат» партиясының съезіне қатысты. Жиында Президент партия қатарынан шығатынын және төраға ретінде өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді. Партия төрағалығы мәжіліс спикері Ерлан Қошановқа тапсырылды.
Қаңтар айында партияның саяси кеңес құрамы, саяси бюро мүшелері ауысып, атауы ауысқан еді.