Стадионның биік бағанасына шығып алған Тараздық тұрғын құтқарылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
26-сәуір күні полицияға Тараз қаласының Орталық стадионында орналасқан жарықтандыру бағанына облыс орталығының тұрғыны шығып алып, төменге түспей жатқандығы туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнынға Тараз қаласының прокуроры Ж.Сматов пен Полиция басқармасының бастығы А.Заурбеков жетіп, арнайы құралмен жоғары көтеріліп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 43 жастағы тұрғын жерге түсіріліп, мән-жайларды анықтау бойынша тиісті іс-шаралар қабылдануда. Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен қажетті жұмыстар атқарылды.Аталған азаматтың Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында есепте тұратындығы анықталды.