Кеңес, орыс және армян кино, телевизия актері, режиссер Тигран Кеосаянның даулы мәлімдемесі желіде талқылануда. Кеосаян «Қазақтар, бауырлар, неге жақсылықты бағаламайсыңдар?», «Украинаға мұқият қараңдар да ойланыңдар» деп ресейлік жауапты тұлғалар Қазақстанмен «қарым-қатынас деңгейін қайта қарауы керек» деген мәлімдемесін «YouTube» -арнасында жарияланған еді. Оның бұл мәлімдемесіне бірқатар танымал адамдар жауап беріп жатыр. Сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед те өз пікірін білдірді.
Егер Кеосаян сондай ақылды адам болса, әскери шеру өткізу жайлы өзінің ұсынысын өзінің отандастары армяндарға айтсын. Арменияның үкіметіне айтсын. Арменияның астанасы Ереван қаласында дүниежүзіндегі нөмір бірінші фашист, нөмір бірінші нацист, Гитлердің қолшоқпары болған, қолбаласы болған Гарегин Нжде дегенге ескерткіш орнатты. Гарегин Нжде отанына опасыздық жасағаны үшін кеңес түрмесінде шіріп өлген адам.
Сондықтан ол неонацистерді іздейтін болса, онда тарихи отанынан іздесін. Шеруді сол Ереванда өткізсін. Гарегин ескерткішінің түбінде шеру өткізіп, өзі соған қатыссын. Сондықтан мұндай адамдарды орыс тілінде «козёл-провокатор” дейді. Провокаторлық ұсынысын өз отандастарына айтсын», — деді ол.