Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ұстаздарға ауызашар берді

0 8

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ұстаздарға ауызашар берді. Бұл туралы министр фейсбук желісіндегі парақшасында жариялады , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Аймағамбетов ресми емес шараға астаналық педагогтарды шақырған. «Қасиетті Рамазан айында елордалық мектептерде жұмыс істейтін мұғалімдерді ауызашарға шақырдым.

Осы мүмкіндікті пайдаланып, әріптестерімізбен білім саласындағы мәселелер төңірегінде де әңгіме өрбіттік. Ұстаздармен әңгімелесіп, жылы, ауызашар болғанына, білім саласындағы тақырыптар жайында әңгімелесіп, пікірлері мен ұсыныстарын тыңдағаныма өте қуаныштымын. Уақыт бөліп келген әріптестеріме алғысымды білдіремін», — деп жазды ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.