Некеге тұрмас бұрын ДНК тапсыру міндетті болады

0 18

Некеге тұрмас бұрын ДНК тапсыру міндетті болады. Бірақ бұл Қазақстанда емес.

Өйткені, елімізде шежіре, жеті ата ұғымдары ның құндылығы жоғары болғандықтан, туыстардың өзара отбасы құруы өте сирек кездесетін жағдай. Ал, көрші Өзбекстанда 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап некеге тұруға ниетті азаматтарға молекулалық-генетикалық тестілеуді міндетті түрде тапсыру жүктеледі. Бұл — болашақ жас жұбайлардың балалары жұлын бұлшықет атрофиясымен туылмауы үшін жасалады. Өзбекстанның «Отбасы кодексі» туыстар арасындағы некеге, аға-інілер мен апалар арасындағы, сондай-ақ асырап алушылар мен асырап алынғандар арасындағы некеге тыйым салады. Бірақ, соған қарамастан, өткен жылдың өзінде елде жақын туыстар арасындағы кем дегенде 700 неке тіркелген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.