Шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

0 3

Шілдеде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдымыздағы шілде айында Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Онда еліміздің бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылаймыз. Сондай-ақ инфляция мен инвестициялар мәселелері көтерілетін болады. Барлық министрлер мен әкімдер осы отырысқа дайдалуы керек. Алты айдың қорытындысын біз үш жаңа облысты қоса отырып, жиырма өңір бойынша көрініспен жасаймыз», — деді Әлихан Смайылов бүгін Үкімет отырысында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.