«ҚазАвтоЖол» мен «Казахавтодор» біріктіріледі

0 11

«ҚазАвтоЖол» мен «Казахавтодор» біріктіріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты,- деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.

«Келесі мәселе – автожол саласына қатысты. Бұл салаға түбегейлі реформа жасайтын уақыт жетті.

Қазір еліміздегі жолдың жай-күйін қадағалап, қызмет көрсететін екі негізгі оператор бар. Турасын айтсақ, екеуі де бір жұмысты атқарып отыр, жұмысшыларының саны да қажетті шамадан артық.

Соған қарамастан, азаматтардан келіп жатқан орынды арыз-шағымдар азаяр емес, ал жолдың сапасы мүлде сын көтермейді. Үкіметке «ҚазАвтоЖол» және «Казахавтодорды» біріктіріп, Қазақстанның біртұтас автожол компаниясын құруды тапсырамын. Нәтижесінде қызметкерлердің саны да қысқаратын болады»

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.