Елімізде 6 800 тұрмысы нашар отбасы бар

0 7

Елімізде 6 800 тұрмысы нашар отбасы бар. Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы мәселе – қазір елімізде 6 800 тұрмысы нашар отбасы, оларда 10 мың бала бар. Олар тәуекел аумағына кіреді. Сондықтан, мемлекет тарапынан ерекше назарды қажет етеді. Заңнамада олардың медициналық-әлеуметтік есебін қалыптастыру туралы норма көзделген. Бірақ, бұл іс-шаралар іске асып жатқан жоқ. Медициналық-әлеуметтік есепке алу ережелері әлі күнге дейін әзірленбеген», — деді Марат Ахметжанов.

Осыған байланысты министрдің айтуынша, аталған салаға жауапты мемлекеттік орган ретінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін белгілеу қажет.

Бұған дейін министр биыл отбасылық-тұрмыстық салада 668 қылмыс жасалғанын айтты.

Сондай-ақ, министрдің айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасын күштеу шарасымен шешу мүмкін емес.

Leave A Reply

Your email address will not be published.