Жуалы ауданында Республика күніне орай «Менің Отаным- Қазақстан» атты сынып сағаттар шеруі өтті

0 16
Жуалы ауданында білім беру ұйымдарында 25 — қазан Республика күніне орай өткізілетін іс- шаралар жоспары аясында 18 -қазан күні оқушылар арасында «Менің Отаным- Қазақстан» атты сынып сағаттар шеруі өткізілді.
Сынып сағаттар шеруінің мақсаты- жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту, Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата — бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу болды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.