Қазақстанда жаңа ГРЭС салынады

0 12

Екібастұзда жаңадан ГРЭС салынуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның атап өтуінше, бүгінгі таңда қор электр энергетикасы саласында 6 басым жобаны іске асыруды бастады. Құны 1,2 триллион теңгені құрайтын жобалар 2023 жылға дейін іске асырылады.

«Бұдан басқа, қор жалпы сомасы 9 триллион теңгеден асатын 14 жобаны іске асыратын болады. Атом электр станциясын салу жұмысының ұзаққа созылатынын ескере отырып, жақын арада көмір өндіретін жаңа қондырғыларды салу қажет болады. Екібастұзда қуаты шамамен 1 200 МВт болатын жаңа ГРЭС салу мәселесі қарастырылып жатыр», — деді Алмасадам Сәтқалиев.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.