Фуат Сатыбаев Мәжіліс депутаты ретінде ант берді

0 5

 Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Фуат Сатыбаев ант берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», — деді Фуат Сатыбаев.

Сонымен қатар жалпы отырыста палата депутаттары Фуат Сатыбаевты Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамына сайлады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 9 қарашада Ортсайлауком отырысында Парламент Мәжілісінің депутаты Фуат Сатыбаевты тіркеу туралы қаулы қабылданды.

Фуат Сатыбаев Павлодар облысында хирург-дәрігер, денсаулық сақтаудың құрметті қызметкері ретінде танымал. 2021 жылғы 10 қаңтарда «Ақжол» партиясынан VII сайланған Павлодар облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.