Ақтөбеден басқа өңірлерде республикалық жолдар түгел ашық — ҚазАвтоЖол

0 7

 Ауа райының қалпына келуіне байланысты республикалық маңызы бар жолдар шетінен ашылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін таңғы 6:00 кезінде Алматы облысындағы «Алматы-Көпек-Көктал-Қорғас» жолының 132-230 шақырымы, яғни Байсейіт елдімекенінен Шонжа қаласына дейінгі учаскесі ашылды.

Сондай-ақ «Көкпек-Кеген-Түп» жолының 0-72 шақырымында көлік жүруіне рұқсат берілген. Бұл — Көкпек ауылын Кегенмен жалғайтын жол.

Сонымен қатар таңғы 6.30 шамасында Шығыс Қазақстан облысының «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатонқарағай-Рахман бұлақтары» жолының 6-166 шақырымында қозғалыс жанданды. Бұл учаске Ушановское елдімекені мен Алтай қаласы арасында жатыр.

Дәл қазір Ақтөбе өңіріндегі «Самара-Шымкент» тасжолының Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ ауылына дейінгі учаскесінен басқа күре жолдардың бәрі ашық.

«Республикалық маңыздағы тасжолдарда қысқы күтіп ұстау жұмысын атқаруға 611 арнайы техника жұмылдырылды» деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» компаниясынан.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.