Астана қаласы бойынша Сенат сайлауында Бибігүл Жексенбай көп дауыс жинады

0 10

 ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауда Астана қаласы бойынша дауыс берудің алдын ала қорытындысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордада таңдаушы ретінде тіркелген 31 мәслихат депутатының 29-ы дауыс беруге қатысты. ОСК жариялаған дауыс берудің алдын ала қорытындысына сай, Астанада қаласы бойынша Сенат төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай (62,2%) ең көп дауыс жинады. Үміткердің кандидатурасын 18 таңдаушы қолдаған.

Еске сала кетейік қазіргі уақытта ҚР Парламенті Сентаның депутаттарын сайлауда бірнеше өңір бойынша дауыс берудің алдын ала нәтижелері жарияланды.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.