Қалың тұман: Астанадан шығатын республикалық трасса жабылды

0 13

 Астанадағы қалың тұманға байланысты республикалық маңызы бар автожолда қозғалысқа тыйым салынды, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА «112» қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін сағат 10:30-дан бастап күн райының нашарлауына байланысты (қалын тұман) республикалық маңызы бар Екатеринбург қаласы – Алматы қаласы трассасының (1291-1353 шақырым аралығы) «Астана қаласы –Анар бекеті» учаскесі барлық автокөлік түрлеріне жабық.

Еске салайық, бұған дейін «Қазгидромет» РМК Астанада тұман күні бойы сақталатынын хабарлаған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.