Былтырдың басынан бері Ұлттық қордың активтері 3 млрд долларға өсті. Бұл туралы елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстанның халықаралық резервтері 94 млрд АҚШ долларын құрады. Атап айтқанда, былтырдың басынан бері Ұлттық қордың активтері 3 млрд долларға өсіп, 58 млрд долларға жетті», — деді Ә. Смсайылов.
Премьер-Министр халықаралық рейтингтік агенттіктер Қазақстанның инвестициялық рейтингін сенімділік деңгейінде растағанын, ал Standard&Poor’s агенттігі биылғы наурыз айында экономикамызға қатысты өз болжамын жақсартқанын айтты.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан экономикасының өсуі осы жылдың I тоқсанында 4,9%-ды құрады.