Семей орманындағы өрт: Тракторшы Сергей Архиповтың денесі табылды

0 7

Абай облысының полицейлері 10 маусымда жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны, тракторшы Сергей Николаевич Архиповтың мәйітін тапты, деп хабарлайды polisia.kz сайты.

Ер адамның денесі қызметтік иттің көмегімен өртті сөндіру орнынан 50 шақырым жерден табылды, зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Қызметтік ит Абай облысы ПД-нің кинологиялық есебінің құрамында іздеуге атсалысып, трактор табылған жерден орман жолағына дейінгі ер адамның ізін тапқан.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жарияланбайды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.