Сарысу ауданында өрттің алдын алу және дайындық жұмыстарын пысықтау бойынша жиын өтті

0 9
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Қ.Амановтың төрағалығымен өрттің алдын алу және дайындық жұмыстарын пысықтау бойынша жиын өтті.
Жиынға құзырлы органдар, төтенше жағдайлар бөлімі, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысып, Абай облысындағы қайтыс болған азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Жиын барысында төтенше жағдай орын алғандағы ауыл әкімдерінің дайындықтарын тексеріп, нақты жұмыс жоспарларын тыңдады.
Қайрат Тілеубайұлы ауыл әкімдеріне еріктілерді өрт сөндіретін мотопомпалар, арнайы киімдер мен өрт сөндіретін құрылғылармен қамтамасыз етуді, елді мекендерді өрт сөндіруге көмектесетін еріктілер жасағы толық болуын, төтенше жағдайлар бөлімімен тығыз жұмыс жасауды, дала өртінің алдын-алуды тапсырды. Сонымен бірге, суға шомылу науқанының ашылуына орай аудандағы суға шомылу орындарын бақылауда ұстау керектігін жеткізді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.