Жоспарланған әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу керек – Үкімет басшысы

0 12

Әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізу керек. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халықаралық қаржы институттары әлемдік экономиканың өсім болжамдарын 2 есеге жуық азайтты. Алайда, сыртқы факторларға қарамастан, біз макроэкономикалық тұрақтылықты сақтап қана қоймай, экономиканың өсу қарқынын қамтамасыз етуіміз керек. Базалық салаларды сапалы дамытуға барынша көңіл бөлу қажет. Әрбір министр, өңір әкімі және ұлттық холдингтер мен компаниялардың басшылары еңбек кірістерін өсіру, сапалы жұмыс орындарын құру есебінен азаматтардың әл-ауқатын арттыру жөнінде белсенді шаралар қабылдауы тиіс», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр қаржылық тәртіпті күшейту маңызды екендігін баса айтты.

«Бюджеттік бағдарламалардың бірқатар әкімшілері бюджет қаражатын игермеген. Бюджет параметрлерінің сақталуын және қаражаттың тиімді бөлінуін қамтамасыз ету қажет. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жөндеу және реконструкциялау бойынша жоспарланған инвестициялық іс-шаралардың орындалуы ерекше бақылауда болуы тиіс. Әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізу керек», — деді Үкімет басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.