«Жасөспірімдер де бар». Елімізде есірткіге еліткендер артып барады

0 16

Астанада Kaspi банк қызметкерлерін кепілге алған басқыншы наркологиялық диспансерде есепте тұрған. Кейінгі жылдары Қазақстанда есірткі мәселесі ушығып тұрғаны жасырын емес. Жасөспірімдер мен студенттер арасынан есірткі таратушылары ретінде ұсталғандары да бар. Massaget.kz тілшісі министрліктерге ресми сауал жолдап, есірткі статисткасын анықтады.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтар (аурулар) диагнозымен 2021 жылы 110 418 адам, 2022 жылы 108 852 адам есепте тұрған. Биылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 108 577 адам есепте тұр.

Құқықтық статистика және арнайы есептер комитетінің мәліметтеріне сәйкес, 2021 жылы медициналық мекемелерде наркологиялық есепте 18 782 адам тұрған, оның 1509-ы әйел және 77-сі кәмелетке толмаған. ІІМ мәліметінше, бұл жылы есірткі мен психотроп заттардан улану салдарынан қайтыс болғандар саны — 40 адам.

2022 жылы медициналық мекемелерде наркологиялық есепте 18 136 адам тұрған, оның 1455-сі әйел және 97-сі кәмелетке толмаған. Былтыр есірткі мен психотроп заттардан уланып, қайтыс болғандар — 73 адам.

Биыл медициналық мекемелерде наркологиялық есепте 18 221 адам есепте тұр, оның 1499-ы әйел және 94-і кәмелетке толмаған. Сонымен қатар, есірткі мен психотроп заттардан уланып, қайтыс болғандар саны — 10 адам.

Еске салайық, бұған дейін трансұлттық есірткі тасымалдаушы топтың жолы кесілгені хабарланған еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.