Әлеуметтік желілерде чипстер зиян екені, олардың қатерлі ісік ауруын тудыратыны жайлы айтқан емші Мария Смаринаның видеосы тарады. Ол өз видеосында чипстердің құрамының бір бөлігін оқиды, бірақ ДНҚ бұзылуына және қатерлі ісік пайда болуына нақты қандай өнім немесе қоспа түрткі болатынын айтпайды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Чипстер — көпшілік жақсы көретін тағам. Олардың құрамы өндірушіге байланысты өзгереді, әдетте мынадай өнімдер мен заттардан тұрады: картоп, бидай немесе күріш ұны, картоп немесе жүгері крахмалы, өсімдік майы, тұз, сүт қышқылы, хош иістендіргіштер мен дәмдік қоспалар (мысалы, паприка ұнтағы, пияз және т. б.), сондай-ақ, Е621 натрий глутаматы, E627 натрий гуанилаты және E631 натрий инозинаты сияқты қоспалар.
Ақпарат дереккөзі: massaget.kz