Елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бас шаһардағы интернет сапасын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі цифрлық өркениет пен білім экономикасы жағдайында адамның, әсіресе қала тұрғынының негізгі қажеттіліктерінің бірі интернетке қол жеткізу. Біз барлық жерде Астананы «ақылды қала» және өңірлік IT-хаб ретінде мәлімдейміз. Бұл пайым өз кезегінде базалық цифрлық инфрақұрылымның жоғары сапалы екенін меңзейді. Алайда, елордадағы интернет пен ұялы байланыстың қалыпты жұмыс істеу деңгейі жетілдіруді қажет етеді. Бұл тұрғындар үшін қолайсыздық туғызып қана қоймай, қала экономикасына елеулі зиян келтіреді, елорда қонақтарының санасында өте жағымсыз әсер қалдырады», — деп тоқталды Мемлекет басшысы.
Бұған қоса, Президент кеңесте елордада үшінші көпсалалы аурухана салу ұсынысына қолдау көрсетті.