Астана маңында 4 гектарды шарпыған қамыс өрті сөндірілді

0 24

Целиноград ауданының Қаражар ауылынан 8 шақырым жерде қамыс өртенді, деп хабарлайды Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, өрт тамыздың 2-де сағат 17:09 шамасында тұтанған. Қызыл жалын 4 гектар аумақты шарпыған.

«Тілсіз жауды ауыздықтауға Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 10 адам және 1 өрт сөндіру техникасы, Астана қаласы ТЖД-нан 20 адам және 5 техника жұмылдырылды. Өрт 3 тамызда сағат 03:50-де сөндірілді. Қазіргі кезде өрттің шығу себептері анықталуда», — деді ведомстводан.

Ақмола облысының ТЖД қызметкерлері азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысының Біржан сал ауданындағы құрғақ шөп өрті сөндірілгенін жазған едік.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.