11-15 жастағы жасөспірімдердің 10 пайызы тұрақты түрде вейп шегеді – ДСМ

0 16

11-15 жастағы жасөспірімдердің 10 пайызы тұрақты түрде вейп шегеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Елімізде ересек тұрғындардың 21 пайызы темекі тартады. Балалардың 20 пайызы артық дене салмағынан, ал 6 пайызы семіздіктен зардап шегеді. 11-15 жастағы жасөспірімдердің вейптерді тұрақты түрде шегуі ؘ– 10, энергетикалық, тәтті сусындарды ішуі 7,5 пайыз болып отыр. Артық дене салмағының таралуы 15 пайыз», — деді Ажар Ғиният Үкімет отырысында.

Осы ретте министр, алғашқы көмектің қолжетімділігін арттыру үшін атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

«Медициналық көмектің 57 пайызын мемлекеттік амбулаториялық-емханалық ұйымдар, 43 пайызын жекеменшік ұйымдар көрсетеді. Яғни бәсекелестік үшін жеке медицина кеңінен тартылуда. Амбулаториялық деңгейдегі қаржыландыру ұлғайды. Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған 60 пайыз жалпы көлемнің 56 пайызын құрады. 3 жылдың ішінде консультациялық-диагностикалық көмек 7 есе өсті, қымбат КТ қызметтерінің қолжетімділігі 9 есе, МРТ 6 есе артты. Осы жылдың 6 айында 200 млн астам консультациялық-диагностикалық қызмет көрсетілді», — деді министр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.