Осы қарашада Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетеді — статбюро

0 9

Халық саны 20 миллионға жақындап қалды, деп хабарлайды Kazinform ұлттық статбюроға сілтеме жасап. 

1 қазандағы жағдай бойынша халық саны 19 967 964 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 387 957 адам, ауыл тұрғындары – 7 580 007 адам.

Жыл басынан бері халық өсімі 1,02% немесе 201,1 мың адамды құрады.

Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана (4,06%) мен Алматы (2,28%) қалаларында және Маңғыстау облысында – (1,94%).

Халық өсімінің биылғы қарқынын ескерсек, 20 миллион адам көрсеткіші 2023 жылғы қарашада болады деп күтіліп отыр.

Халықтың табиғи өсімі есебінен, яғни туу және қайтыс болу деректерін ескергенде, халық саны 194 753 адамға өсті.

Көші-қон өсімі есебінен халық саны 6 404 адамға көбейді, бұл сальдоның оң екенін көрсетеді.

Халықтың табиғи қозғалысы есебінен өсудің ең жоғары қарқыны Түркістан облысында байқалды, онда халық саны 34 097 адамға, Шымкент қаласында 19 242 адамға, Алматы облысында 18 251 адамға өсті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.