«QAZAQ AIR» тағы сатылымға шығарылды

0 3

«Самұрық-Қазына» АҚ «QAZAQ AIR» компаниясын тағы сатылымға шығарды, деп хабарлайды Kazinform. 

«Самұрық-Қазына» АҚ жаңа ашық екі кезеңдік конкурс аясында «QAZAQ AIR» АҚ акцияларының 49-дан 100 пайызға дейін сату бойынша конкурс өткізу басталғанын хабарлайды. Бұған дейін, 2023 жылғы 13 қарашада «QAZAQ AIR» АҚ-ты жекешелендіру бойынша алғашқы ашық екі кезеңдік конкурс өткізілмеді деп танылды», — делінген қор сайтында жарияланған ақпаратта.

Компанияны жекешелендірудегі басты мақсат – оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сонымен қатар бәсекелестік нарығындағы квазимемлекеттік сектордың үлесін төмендету.

Leave A Reply

Your email address will not be published.