Түркістаннан Әбу-Дабиге 20 000 теңгемен баруға болады

0 6

Түркістаннан Абу-Дабиге жаңа әуе рейсі ашылды, деп хабарлайды Kazinform.

Рейс билеттері 2023 жылдың қараша айынан бастап wizzair.com сайты мен мобильді қосымшасында сатылымға шыққан. Бағасы – 19 мың теңге шамасында. Бұл БАӘ-нің 159 дирхамына тең. 

Ұшақ Түркістан қаласынан Әбу-Дабиге 16 қаңтардан бастап ұшады. Рейстер аптасына 3 рет — сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері заманауи «AirBus 321» және «A321 ceo» ұшақтары арқылы орындалады. Түркістан әуежайының мамандары ұсынған мәліметке сүйенсек, қазіргі кезде бірінші рейске 168 әуе билеті сатылған.

Жолаушылар рейсті ұшу уақытынан 3 сағат бұрын ешқандай комиссиясыз өзгерте алады. Ал осы бағытта ұшу уақыты — 3 сағат.

Жаңа бағыт қос қала тұрғындары мен қонақтары үшін туристік мүмкіндіктерді кеңейтеді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан халықаралық әуежайы Ыстамбұл және Эль-Кувейт және еліміздің Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Орал және Қарағанды әуе бағыттарына қызмет көрсетіп келеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын 16 қаңтардан бастап «Түркістан – Әбу-Даби» әуе бағыты ашылатынын жазған болатынбыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.