15 мамыр күні төрт облыста үсік жүреді — Қазгидромет

0 13

 «Қазгидромет» РМК ел аумағында 15 мамырда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Синоптиктердің мәліметінше, оңтүстік циклоны мен онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер ҚР территориясының басым бөлігінде өз әсерін сақтайды.

«Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, шығыс пен орталықта қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл соғады. Тек елімідің солтүстігі, солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстігі, солтүстік-батысы мен орталығында тұман күтіледі», деп жазды ведомстводан.

Түнде ҚостанайАқтөбе облыстарының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде топырақ бетінде 2-3 градус үсік түседі.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, АбайҚостанай облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысының Қазалы ауданында, Түркістан облысының шөлді аудандарында, Абай облысының Үржар ауданында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.