ҚР Президенті Лаки Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен наградтады

0 117

ҚР Президенті Лаки Кесоглуді І дәрежелі «Барыс» орденімен наградтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

«Мәдениет пен эстрада өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Пантелей Константинович Кесоглу І дәрежелі «Барыс» орденімен наградталсын» деп жазылған Мемлекет басшысы қол қойған Жарлықта.

Лаки (Пантелей) Константинович Кесоглу (1939 жылы 22 шілдеде Грузин КСР-інің Батуми қаласында туған) — кеңестік және қазақстандық эстрада әншісі, музыка педагогы, профессор.

Қазақ КСР-нің Халық артисі (1989). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (2014). Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Достық және Құрмет ордендерінің иегері.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.