№1 мектеп-гимназиясында 26 маусым — «Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне» орай, мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында “БАЙЗАҚ МЕКЕМЕ CUP” турнирі өткізілді. Қоғамның назарын нашақорлықтың жаһандық проблемасына, оның салдарын еңсеруге бағытталған шараларға аудару мақсатын көздеген додаға қатысқан 10-ға жуық команда екі топқа бөлініп, өзара шеберліктерін сынға салды.
Жоғары деңгейде өткен турнир нәтижесінде аудандық мәдениет үйі ІІІ орын, бұқаралық спорт ІІ орын, аудандық ішкі істер бөлімі жүлделі І орынды иеленді.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командаларға арнайы Кубоктар, медальдар, Дипломдар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.