Халықаралық Манас әуежайынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстан президенті Садыр Жапаров құрметпен шығарып салды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Қазақстан мен Қырғызстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысты.
Кейіннен Қазақстан мен Қырғызстан мемлекеттері басшыларының Бірлескен мәлімдемесі қабылданды.
Президент Садыр Жапаровты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров баспасөз брифингін өткізді.
Екі ел басшысы жаһандық және аймақтық мәселелер туралы пікір алмасты.
Тоқаев аймақтардың ықпалдастығын жандандыруды өзекті мәселенің бірі ретінде атады.
Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерін марапаттады.
Сондай-ақ Тоқаев пен Жапаров «Достықтың алтын көпірі» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты.
Мемлекет басшысы Кемел Тоқаев атындағы № 33 мектеп-гимназияға барды.