Елде 26,3 млн тонна астық бастырылды

0 8

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінгі таңда 15,7 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 97,9%-ы жиналды. Нәтижесінде 26,3 млн тонна астық бастырылды. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын.

Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 3 млн тонна майлы дақыл, гектарына 225,3 центнер өнімділікпен 2,9 млн тонна картоп және гектарына 305,1 центнер өнімділікпен 3,9 млн тонна көкөніс жинады.

Атап айтқанда, 331,7 ц/га өнімділікпен 492,4 мың тонна қырыққабат, 430 ц/га өнімділікпен 1047,7 мың тонна пияз, сондай-ақ 296,4 ц/га өнімділікпен 380,7 мың тонна сәбіз жиналды.

Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтіп жатыр.

Айта кетелік астық өндірісі саласындағы ахуал қалай екенін жазған едік.

 

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.