Тәуелсіздік күніне орай қалай демалатынымыз белгілі болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желтоқсанда қазақстандықтар үшін қосымша бір күн демалыс беріледі. 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні.
2025 жылы бұл мереке сейсенбіге түседі, сондықтан аптаның ортасында қысқа үзіліс болады. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін де Тәуелсіздік күніне орай демалыс беріледі.
Айта кетейік, 31 желтоқсан жұмыс күні болып қала береді. Ал Жаңа жылдың басы дәстүрлі түрде демалыстан басталады.