LRT-да жүру тарифі өзгере ме

0 26

Елорда әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев LRT-да жүру тарифін көтеру жоспарда жоқ екенін айтты.

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін тілшілер LRT-да жол жүру тарифі қаншалықты субсидияланатынын сұрады.

— Субсидияларға келетін болсақ, бұл бағытта толық зерттеуге белгілі бір уақыт қажет етеді, яғни нақты түсінік болуы үшін LRT маршруты толық іске қосылуы керек. Қазір бағасы өзгеріссіз қалды, — деді Е.Өтебаев.

Сонымен қатар ол қоғамдық көлік көп жағдайда өзін-өзі ақтамайтынын айтты.

— Себебі қоғамдық көліктер үнемі әлеуметтік бағытта жүзеге асырылады. Сондықтан қазір жобаның өзін-өзі ақтауы туралы айту әлі ерте. Жалпы, LRT құнын көтеру жоспарда жоқ. Оның тарифі 200 теңге және Қосшы бағытында да осы баға болады, — деді әкімнің орынбасары.

Еске салсақ, LRT жолаушылар үшін 16–17 мамырда ашылады. Көлік күн сайын сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін қатынайды. Оператордың бағалауынша, жоба іске қосылған алғашқы кезеңде тәулігіне 25 мыңнан 45 мыңға дейін жолаушы тасымалданады. 

Онда жол жүру тарифі 200 теңге деп бекітілген.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.