«Дипломмен ауылға» бағдарламасының тізбесіне жаңа мамандықтар қосылды

0 37

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда қабылдады.

Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мәліметіне қарағанда, бұл құжат жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін құқықтық реттеуді жетілдіруге (ұғымдық аппаратты нақтылау; жергілікті қоғамдастықтың жиындары мен жиналыстарын өткізуге байланысты мәселелерді реттеу және т.б.), мәслихаттар қызметінің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ мәслихат аппараты басшысын тағайындау және лауазымнан босату тәртібін, оның өкілеттіктерін айқындауға бағытталған.

Сонымен қатар бұл заңда жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге азаматтардың қатысу деңгейін арттыру қадамдары қамтылған.

— Бұдан бөлек, суррогат ана мәселелері ескерілген. Суррогат ана қызметтеріне тапсырыс берушілер некедегі ерлі-зайыпты Қазақстан Республикасының азаматтары ғана бола алады, — деді Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескендіров.

Сонымен қатар ел азаматы қатарынан екі реттен артық емес мәслихат төрағасы болып сайлануы туралы шектеу белгіленді.

— «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатысатындардың тізбесін кеңейту ескерілген. Бұл ретте архив ісінің және цифрлық технологиялар саласындағы мамандар қосылды, — деді депутат.

Еске салсақ, биыл сәуір айында Парламент Мәжілісі осы құжатты бірінші оқылымда мақұлдады.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.