Ел бойынша 72 мектептің құрылысы аяқталады

0 47

Биыл Ақтөбе мен Семей қалаларындағы 15 мектепте инклюзияны қолдау кабинеттері ашылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты.

Биыл Ақтөбе мен Семей қалаларындағы 15 мектепте инклюзияны қолдау кабинеттері ашылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты.

— Мектептерді пәндік кабинеттермен жабдықтау жұмыстары жалғасып жатыр. Жоспарланған 1 409 кабинеттің бүгінде 1 007-сі, яғни 70 пайызы жеткізілді. Сонымен бірге адами капиталды дамытуға, балалар мен жастарды қолдауға, білім беруде тең мүмкіндіктерді қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы «Samruk-Kazyna» қорының білім беру саласын дамытуға қосқан үлесін атап өтуге болады. Мәселен, қор 2024 жылдан бастап мектептерде инклюзияны қолдау кабинеттерін ашып жатыр. Бүгінде мұндай кабинеттер 31 мектепте ашылды. 2026 жылы жоба Ақтөбе мен Семей қалаларындағы тағы 15 мектепте жүзеге асырылатын болады, — деді Сүлейменова.

Сонымен қатар министр күрделі жөндеу жұмыстары жалпы жобалық қуаты 117 мың оқушы орны болатын 178 мектепте жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оның мәліметінше, 1 қыркүйекке дейін 106 мектептегі күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау жоспарланған.

— Қазіргі уақытта 59,3 мың оқушы орнына арналған 101 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін 38,2 мың оқушы орнына арналған 72 мектептің құрылысы аяқталады, — деді министр.

Бұған дейін жаңа оқу жылында оқушылар қандай курстарды міндетті түрде оқитынын жазған едік.

 

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.