Астанада гуманистік педагогика негізіндегі мектептер ашылады

0 7

Алдағы жылдары елордада гуманистік педагогика қағидасы бойынша жұмыс жасайтын мектептер мен балабақшалар ашылады деп жоспарлануда. Бұл жөнінде бүгін Астанада өткен Паата Амонашвилидің білім беру курсы барысында журналистерге сұхбат берген «Жандану əлемі» қорының қоғаммен байланыс менеджері Болат Əділбек мəлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 «Өткен жылдың басынан бастап Астана қаласында Гуманистік педагогика академиясы ашылған болатын. Қазіргі уақытта аталған академия мен Мәскеу қаласындағы дəл осындай гуманистік педагогика орталығы арасында меморандум жасалатын болады. Ол гуманистік педагогика қағидасы бойынша жұмыс жасайтын мəскеулік мектептермен толық серіктестік орнатуға мүмкіндік береді. Соның арқасында ұстаздар өзара тəжірибе алмасып, біліктіліктерін шыңдай алады. Айта кету керек, қазіргі уақытта Алматы қаласында Гуманистік педагогика орталығы жұмыс істеуде», — деді «Жандану əлемі» қорының өкілі Болат Əділбек.

Ол мəскеулік орталықтың басшылары жақын келешекте Астанада гуманистік педагогика қағидасы бойынша жұмыс жасайтын мектептер мен балабақшалар ашуы əбден ықтимал екенін атап өтті.

«Гумагистік педагогика академиясы Əлия Назарбаеваның «Жандану əлемі» атты жекеменшік қорының пилоттық жобасы болып табылады. Аталған қордың арқасында академия құрылып отыр. Өз кезегінде, бұл академия елордада гуманистік педагогика қағидасы бойынша жұмыс жасайтын мектептер мен балабақшалардың ашылуына негіз болмақ», — деді Б.Əділбек.

Дереккөз: Baq.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.