«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ алкоголь және мұнай өнімдерін есептеу автоматты жүйесінің іске қосылғаны туралы мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ» зауыттармен бірге жүйеге деректерді беру және қосу жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі уақытта қосылған зауыттар мен нысандар ақпаратты есептеуіш бақылау құралдарынан онлайн режимінде беріледі. Сондай-ақ «КазАлко» қауымдастығы, «Қазақстанның сыра қайнатушылар одағы» ЗТБ және «Kazenergy» қауымдастығы мүшелерімен, басқа да өндірушілер мен объектілерімен жұмыстар жүргізілуде», — деп хабарлайды «ҰАТ» АҚ баспасөз қызметі.
Бұрынғы қолданыстағы есептеу жүйелері ескірген және өңдеу көлемі туралы ақпаратты беруді тиісті деңгейде қамтамасыз етпеген. Бұдан басқа, күн, ай, тоқсан және жыл бойынша есептерін қалыптастырмаған, деректер тек өткен 90 күн бойынша сақталатын еді.
Осы процесті жетілдіру мақсатында жаңғыртылған есептеуіш бақылау құралдары енгізелді. Бұл құралдар өндіріс және айналым көлемдері туралы ақпаратты онлайн режимінде автоматты түрде беруді қамтамасыз етеді.
Астана және Алматы қалаларында, облыс орталықтарында, облыстық маңызы бар қалаларда және аудан орталықтарында орналасқан жанар-жағармай станцияларына есептеуіш бақылау құралдарын орнату жұмыстары 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін аяқтау жоспарланған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі, сондай-ақ мұнай өнiмдерiнiң өндірісі мен мұнай өнiмдерi айналымы саласында есептеуіш бақылау құралдары деректерінің операторын айқындау туралы» №1177 қаулысына сәйкес «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ есептеуіш бақылау құралдарының операторы болып айқындалды.
Дереккөз: Baq.kz