Енді банктер несие беріп, қызмет көрсеткені үшін комиссия алмайды

0 1

Еліміздегі банктерге несие беру және қызмет көрсетумен байланысты шот бойынша комиссияларды алуға тыйым салу ұсынылды. Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаев меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын таныстыру барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Ол аталған заң жобасы Елбасының меншік құқығын қорғау туралы тапсырмасын орындау мақсатында әзірленгенін атап өтті.

 

«Банктік қарыз шарттары бойынша түзетулер енгізіледі. Несие беру және қызмет көрсетумен байланысты шот бойынша комиссияларды алуға тыйым салу ұсынылды. Осы мақсатта банктерге кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес банктік қарыз беру шарттары бойынша, сондай-ақ банктік шотқа қарыз есептеуге, банктік шотты жүргізгені үшін комиссия беруге және алуға шектеу қойылған. Себебі аталған операциялар — кредиттеу процесінің құрамдас бөлігі. Сондықтан олар бойынша жеке тұлғалардан комиссия алынбауы тиіс», — деді ол.

«Жеке тұлға болатын қарыз алушы берешегінің жасанды ұлғаюын болдырмау үшін олардың жылжымайтын мүлік ипотекалық шарттары бойынша алты айлық мерзімі өткізіліп алынғаннан кейін банктік пайыздарды есептелуін тоқтата тұру қарастырылады», — деді Марат Бекетаев Мәжілістің пленарлық отырысында.

Дереккөз: Baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.