Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы әртүрлі бағытта өзгерді,- деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Лондондағы ICE Futures биржасында қыркүйек айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,33 долларға қымбаттап, барреліне 60,38 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қазан айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай құны 0,45 долларға төмендеп, бір баррелі 55,68 доллар болды.