«7-20-25» бағдарламасы шеңберінде қарыз беруге 20 137 өтінім қабылданды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық банкке сілтеме жасап хабарлайды.
«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 24 қазандағы жағдай бойынша қарыз алуға 227,2 млрд теңге сомасына 20 137 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 136,2 млрд теңге сомасына қарыз беруге 11 934 өтінім мақұлданды», — делінген хабарламада. Айта кетсек, ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыздар.