Жедел жәрдемнің жұмысы жіті бақылауда

0 12

Жамбыл облысында жедел жәрдем қызметінің жұмысын жақсарту үшін мониторингтік топ құрылып, бақылаулы шақыртулар ұйымдастырылған.  Нәтижесінде 4 кешігу фактісі анықталып, кемшілікке жол берген жедел жәрдем стансасының бірқатар қызметкерлері жауапкершілікке тартылған, — деп хабарлайды  «Zhambylnews»Ақпарат агенттігі

 Өңірлік коммуникациялар қызметінде алаңында өткен брифингте облыстық  денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов тұрғындар тарапынан жиі сынға ұшырайтын жедел жәрдем қызметінің жұмысын жақсартуға байланысты атқарылып жатқан шараларға да тоқталды.

— Бүгінгі таңда облыс бойынша 138 жедел жәрдем автокөліктері GPS–навигациясымен жабдықталған, бұл автокөліктерді бақылауға және тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Барлық шақырылымдар «КӨМЕК» автоматтандырылған жүйесі арқылы қабылданады және тіркеледі. Бұл жүйені енгізу үшін облыстық бюджеттен 122 млн. теңге бөлінген. Жедел жәрдем қызметінің сапасын жақсарту мақсатында  мониторингтік топ құрылып, бақылаулы шақыртулар ұйымдастырылды. Нәтижесінде 4 кешігу фактісі айқындалып (жедел жәрдем стансасынан кешігіп шығуы, диспетчердің жұмысы, көшелердің және үйлердің нөмерлерінің жоқтығы, жол жөндеу жұмыстары, үй алдындағы кедергілер, жүргізушілердің жол бермеуі, электрондық карта деректерінің жаңартылмауы), жедел жәрдем стансасының қызметкерлері жауапкершілікке тартылып, тиісті мемлекеттік органдарға кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырмалар берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізілетін болады,— деді спикер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.