Нұр-Сұлтанда ер адам үйінің жанында тұрған көліктердің әйнектерін сындырған, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Есіл» аудандық полиция қызметкерлері мас күйінде болып, бұзақылық ниетпен үйдің жанында тұрған бірнеше автокөліктің айнасын сындырған 32- жасар күдіктіні қолға түсірді. Қазіргі таңда зақымдалған автокөліктің екі иесі арыз жазған.
Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар, ұсталған адамның басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Дереккөз: tengrinews.kz