Осы аптада жұмысын бастайтын кәсіпорындардың тізімі бекітілді

0 0

Барлық өңірлерде 2020 жылғы 27 сәуірден, ал Шымкент қаласында биылғы 1 мамырдан бастап қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаумен жұмысқа кірісетін кәсіпорындардың тізімі бекітілді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында бірқатар шешім қабылданды. Барлық өңірлерде 2020 жылғы 27 сәуірден, ал Шымкент қаласында биылғы 1 мамырдан бастап қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаумен жұмысқа кірісетін кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімі бекітілді:

· өнеркәсіптік кәсіпорындар;

· құрылыс және жол құрылысы салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері;

· көлік, қоймалау, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік, автокөліктерге қызмет көрсету салаларындағы ұйымдар және қызмет көрсету саласының кейбір түрлері;

· банктер мен қаржы секторының ұйымдары.

Бұдан өзге, ІІ кезең аясында Нұр-Сұлтан қаласында төмендегілердің жұмысы қайта жанданады:

· қаржы және сақтандыру секторларының ұйымдары;

· электрлік тұрмыстық техника, сонымен қатар саяжай маусымына арналған тауарлар сататын ірі дүкендер. Алматыда мына салалардағы компаниялар жұмысын қайта бастайды:

· көлік және қоймалау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар салалары;

· қаржы және сақтандыру секторлары;

· сервистік қызмет көрсету салалары (ТҚС, дөңгелек ауыстыру, тұрмыстық және кеңсе техникаларын жөндеу).

Leave A Reply

Your email address will not be published.